Выйти
RU

Кәмелетке толмаған қызды 1 млн теңгеге секс-құлдыққа сатқан шымкенттік қолға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды секс-құлдыққа сатқан Шымкент тұрғыны оқиға орнында қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция басқармасына 13 сәуір күні әйел адамның кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы хабарлама түскен.

Белгілі болғандай, аталған жағдай қылмыстық кодекстің 309 бабы 2 тармағы "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліпті.​​​

​​​Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұсталған.

Кәмелет жасына толмаған бойжеткен үшінші мегаполистің тұрғыны, қаладағы оқу орындарының бірінің студенті болып шықты.

Ведомство тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге тәркілеп алғанын мәлім етті.

Одан бөлек, тергеу барысында Шымкент тұрғынының бұрын осы қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтаған.

Күдікті жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен жәбірленушінің суретін көрсеткені белгілі болды.  

Оны пәк, таза деп айтып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырған.​​​​

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазіргі уақытта аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаменті жас қызды саудалаған күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Көкшетауда карантин уақытында жұмысын жалғастырған жезөкшелер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кәмелетке толмаған қызды 1 млн теңгеге секс-құлдыққа сатқан шымкенттік қолға түсті