Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев коронавирусқа тест тапсырды

Опубликовано:

Оңтүстік астана басшысы Бақытжан Сағынтаев бірқатар республикалық БАҚ және қоғам белсенділерімен онлайн-конференция өткізіп, оның аясында қалада коронавирусқа байланысты орын алған жағдайға тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: Алматы әкімдігі
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Алматы әкімдігі: UGC

Шаһар басшысының сөзінше, мегаполис аумағында бүгінгі күні вирус жұқтыру қаупі басым топқа жататын адамдарды экспресс-тестілеуден өткізу басталып кеткен.

Олардың қатарына әскерилер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, құрылысшылар, интернат жұмысшылары және тағы басқалары бар.

Жалпы алғанда Алматыда вирус жұқтыру қаупі басым топқа жататын 193 мың жұмысшы бар.

Сонымен қатар Сағынтаев қалада эпидемияға қарсы шаралар айтарлықтай күшейтілгенін айтты. Олардың басты мақсаты - вирустың таралуын төмендету.

Одан бөлек, Алматы әкімі кәсіпорындардың жекелеген санаты бойынша жұмысты кезеңдеп жандандырудың арқасында 42 мыңнан аса адам жұмысын қайта оралатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Сағынтаевтың коронавирусқа тест тапсырғаны белігі болды. Қала әкімінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Оның сөзінше, атқарушы органның кейбір қызметкері де аталмыш тестілеуден өткен деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 1341 адамға жетті. Олардың 393-і Алматыда тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851150-sagyntaev-koronaviruska-test-tapsyrdy/

pixel