Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42500 теңге кімдерге берілмейді

Опубликовано:

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау ережесіндегі өзгерістер туралы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Әлеуметтік төлемді мына адамдар ала алмайды:

  • төтенше жағдай енгізілгенге дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар төтенше жағдай енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);
  • АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ төтенше жағдай енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;
  • екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;
  • төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;
  • басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.

Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін 42 500 теңге алғандар қайта тексерілетін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851228-42500-tege-kimderge-berilmejdi/

pixel