Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2006 жылы шыққан 500 теңгеліктер 10 маусымнан кейін жарамсыз болып қалады (фото)

Опубликовано:

Ұлттық Банк 2020 жылдың 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды. Сонымен бірге, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство 2020 жылдың 10 маусымына дейін (10 маусымды қоса алғанда) ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейтінін де еске салды.

"Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады. Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет", - деп өтті Ұлттық Банк.
Фото: Ұлттық банк
Фото: Ұлттық банк: Depositphotos

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға бірінші шілдеге дейін көшіру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1851259-2006-zyly-sykkan-500-tegelikter-10-mausymnan-kejin-zaramsyz-bolyp-kalady/

pixel