Выйти
RU

Карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт азамат жауапқа тартылды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков мәлім етті.

“Мекемелердің бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі Бостандық ауданында. Тексеру кезінде ол жерде жеті әйел “жұмыс істеді”, соның ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды”, - деді ол.

Алмасбеков мұндай фактілер әлі де болса тоқтамай тұрғанын жеткізді.

“Мұндай фактілер, өкінішке қарай, бір-екеу ғана емес. Олар тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта жедел бөлімшелер құрамынан арнайы мобильді топтар жұмыс істейді”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт азамат жауапқа тартылды (видео)