Выйти
RU

"Қатты жөтел қысты": Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген коронавирус жұқтырып алғанына күдіктенгендіктен инфекцияны анықтайтын арнайы тест тапсырғанын хабарлады. БАҚ өкілі өзі жүргізетін бағдарламаның тікелей эфирі кезінде қайта-қайта жөтеле берген болатын. COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтамақ болған журналистің сынамасы қандай нәтиже көрсеткенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/dina_tolepbergen. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырғанын өз оқырмандарынан жасырмай-ақ, Instagram парақшасында жеткізген. Анықталғандай, тележүргізушінің сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

"Осы дүйсенбі күні эфир барысында кенет жөтел қысты. Тікелей эфир. Өзімді баса алмаймын. Кей көрермен байқап қалса керек. Жөтелім кейін де қайтпады. Оның үстіне құрғақ болған соң, короновирусқа күдіктің кеткені аян.

Бүгінде covid19 жұққан, жұқпағанын анықтаудың екі жолы бар. Бірі ПЦР – яғни мұрын және аңқадан жағынды алу арқылы. Екіншісі – жедел тест (жарты сағатта жасалады). Саусақтан қан алу арқылы. Алайда оның нәтижесінде қателіктің кетуі 10% деседі. Өтініш беру үшін www.cdl.kz сайтында анкета толтыру керек.

Мен ПЦР тапсырдым. Оның нәтижесі 2 күнде дайын болды. Теріс. Короновирус 2019-nCov табылған жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Мойнымнан ауыр жүк түскендей. Бір ғана ойдың өзі сау адамды ауру етіп тастайды екен. Оның үстіне ауырсаң – бір өзің емес, бүкіл бала-шаға, әріптестерің де қоса ала кетесің ғой.

Ең ауыры осыны сезіну шығар. Олардың кінәсі жоқ қой деп ұйықтамайсың ғой түнімен.. Мен эфир қажеттілігіне орай көшеге шығып, адамдардармен араласуыма тура келеді.

Егер Сіздің мұны жасамауға мүмкіндігіңіз болса, үйіңізде болыңыз. Жұқтырғанды айтпағанда, күдікті болудың өзі – қорқынышты екен" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та коронавирусқа тест тапсырған болатын. Қала басшысының сынамасы да таза болып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қатты жөтел қысты": Дина Төлепберген коронавирусқа тест тапсырды