Выйти
RU

Дәрігер жиі қол жуу мен антисептиктерді қолданудың қаупін түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жиі қолды сабындап жуу мен антисептиктерді қолдану тері иммунитетін сақтайтын флораны кетіруі мүмкін. Бұл туралы дәрігер-терапевт, дерматолог Лариса Алексеева мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Маманның айтуынша, қолды жиі жуғаннан көбісінің терісі қабынады. Ол қолдың сезімтал терісін қорғау үшін белгілі бір ережелерді сақтау керектігін жеткізді.

"Терінің қабынуы мен экземаларға бейім адамдар үшін қолғап киіп, крем жаққан жөн. Ылғалдандыратын және нәрлі кремдер қолдану керек", – дейді Алексеева.

Дегенмен, дәрігер коронавируспен күрес кезеңінде қолды мұқият жуу мен өзге де гигиеналық процедураларды сақтаудың міндетті екенін еске салды.

Айта кетсек, наурыз айында Петропавл қаласында антисептик өндірісі қолға алынып, сұйықтық көп салалы кәсіпорындардың бірінде шығарыла бастағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ бұған дейін медициналық бетперде коронавирустан қаншалықты қорғайтыны және ауру жұқтырудан қандай маскалар сақтайтыны жайлы иммунолог дәрігер София Линникованың пікірін ұсынған едік.

Оның айтуынша, кәдімгі бір реттік бетперделерді өңдеп қайта тағуға болатын көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігер жиі қол жуу мен антисептиктерді қолданудың қаупін түсіндірді