Выйти
RU

"Жақсы қызметке тұрғанда тоқтаймын": Еспанов сұхбат кезінде көз жасына ерік берді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасында өз орны бар әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов әсерлі сұхбаты барысында көз жасына ерік берді. Өнер иесі көпшілік өзін үнемі күле беретін жеңілтек адам ретінде қабылдайтынына ашынды. Шоу-бизнес жұлдызы шын мәнінде әрдайым көңілді жүруінің себебі неде екенін айтып, өзінің жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұрлан Еспанов өнер саласында өзіне осындай образды не себепті қалыптастырғанына қатысты бар шындықты айтты.

"Біреулер маған "Нұреке неге өзіңізді салмақты ұстамайсыз? Неге салмақты етіп көрсетпейсіз? Әр жерде күле бересіз" дегендер болды. Мен оларға "Жылап жүрейін бе енді? Эфирден жылағанымды көргілерің келеді ме? Жылап берейін бе? Бізде жылайтын нәрсе көп. Қайтесіңдер менімен бірге жылап? Менің қайғырғаным сіздерге керек пе?" дедім.

Бір клоун айтқан болатын "Әрдайым көңілді жүретін адамның жаны жаралы" деп.

Никулин болса, "Кекшіл болудан аулақ болыңыз. Бар болғаны бақытты болып кетіңіздер, көреалмаушылар мұны көтере алмайды" деген болатын. Сол сияқты көп нәрсені ойлану керек.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Олар өмірді бізден бұрын көріп қойған азаматтар ғой. Менің киноға түскенімді де дау жасағандар болды. Мен шынайы адаммын. Мен солай қалыптастым. Менің эфирдегі бағытым сол - күлу, солай күліп өтемін.

Мен жақсы қызметке тұрғанда тоқтаймын. Өнер де, адамдар да, ішкі сезімім де маған белгі береді. Өнердегі төзім деген нәрсе бар. Біз бал жеп жүр деп ойламаңыздар. Біз де қиналамыз.

Ал егер өнер сондай белгі беріп жатса, әдемі кетуді ойлау керек. Әдемі кетуді армандап, соған әрекет ету керек. Не дегенмен менің заманауи әншілер мен алдыңғы буын өнер иелерінің арасында да абыройым бар" , - деді Еспанов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов бастаған жұлдыздар пандемия кезінде көмекке мұқтаж 500 отбасыға азық-түлік таратқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жақсы қызметке тұрғанда тоқтаймын": Еспанов сұхбат кезінде көз жасына ерік берді (видео)