Выйти
RU

"Бұрынғы қалпына келеді": Белгілі астролог коронавирустың қашан тоқтайтынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі астролог Влад Росс сәуірдің соңына қарай пандемияның тоқтайтынына сенімді. Айтуынша, жақын арада күллі әлем қайта қалпына келіп, үйреншікті тіршілік жалғасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұрынғы қалпына келеді": Белгілі астролог коронавирустың қашан тоқтайтынын айтты

Фото: Ernur.kz

Влад Росс 2020 жылдың қаңтар айынан әлемді жаһандық қиындық дүр сілкіндіретінін өткен жылы-ақ айтып дабыл қаққан болатын. Мұндай қорытынды шығаруға көк күмбезінде Сатурн мен Плутонның бетпе-бет ұшырасуы себеп болыпты. Сондай-ақ, астролог жағдайдың қазіргіден де ауыр болуға тиістігін, қытай билігі мен дәрігерлерінің жанкешті әрекеттерінің арқасында біршама жеңіл түрде өтіп жатыр деген пікірін де жеткізді.

Болашақты болжауға келсек, Влад Ростың есебінше, жақын арада пандемия өрті өршімей, бәсеңдеуі тиіс. Өйткені, ақпанның соңы-наурыздың басында Сатурн мен Плутон ғаламшарларының әрқайсысы өз бағытымен жылжып, аралары алшақтай бастаған.

"Әйтсе де, қиын жағдай әлі де күшінде ғой" дерсіз. Бұған ендігі Меркурийдің Балықтар жұлдызымен тұспа-тұс келуі әсер етіп жатқанын алға тартады астролог. Айтуынша, Балықтар – ауа-тамшылы жолмен таралатын ауру-сырқаулардың белгісі.

"Дәл осы Меркурий ғаламшары Тоқты белгісімен бетпе-бет келген кезде COVID-19-дың Жерге шабуылы түбегейлі тоқтайды. Бұл сәуірдің соңына қарай орын алады. Одан ары қарай Жер тұрғындары да біртіндеп бұрынғы қалпына келеді. Көп ұзамай коронавирустың қазіргі айтып жүргеніміздей соншалықты қауіпті де қорқынышты емес екеніне көз жеткіземіз", - дейді астро-маман.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Бастапқыда айтылып, кейін жоққа шығарылған "коронавирус жоғары температурада өледі" деген тұжырымды қайта алға тартып жатқан болжамшылар да жетерлік. Ауа температурасы +15 градусқа жеткен аймақтарда пандемия өздігінен жойылатын көрінеді.

Айта кетейік, осыған дейін таролог елдегі жағдай жайлы күтпеген болжам жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұрынғы қалпына келеді": Белгілі астролог коронавирустың қашан тоқтайтынын айтты