Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отағасы романтик": Жанар Айжанова жолдасы жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Жанар Айжанова жолдасымен түскен суреттерінің топтамасын көрсетіп, отағасына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін өнер иесі бұл жолы ағынан жарылды. Ол күйеуінің көпшілік білмейтін қырларын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жанар Айжанова Instagram парақшасында жолдасы өзіне жіберген видеоны жариялап, желі қолдануыларын қуантып қойды. Бейнежазбада ерлі-зайыптылардың отбасылық мұрағатындағы фотоларын көруге болады.

"Біздің үйдің отағасы - романтик. Менің төрт-бес күн көрмей қалса, өзі монтаждап осындай жүрекке жылу беретін музыкалық сәлемдерін жолдап тұрады. "Күйеуіңді неге көрсетпейсің" деген жандарға "Міне менің жаным әдемі" деп парақшама салып жатырмын. Махаббат, сыйластықтырыңыз мыңгілік болсын" , - деп жазды Айжанова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың видеосына тәнті болып, оларға өз ақ тілегін жаудырған.

"Керемет, махаббатырыңыз баянды болсын" , "Бақытты болыңыздар" , "Тілкөзден сақтасын. Керемет жарасымды жұпсыздар" , "Сіздерге тәнтімін. Махаббаттарыңыз мәңгі болғай" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жанар Айжанова атышулы модель Динагүл Тасованы сынап тастаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851956-otagasy-romantik-zanar-ajzanova-zoldasy-zajly-bar-syndykty-ajtty/

pixel