Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сахнадан үйге": Шахизада карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова елімізде коронавирус пандемиясы салдарынан енгізілген карантин режимін қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Үйінен шықпай отырған эстрада жұлдызы бүгінгі күні немен айналысып жүргенін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/shahizada.art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/shahizada.art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шахизада карантин уақытында барынша үй шаруасына кірісіп кеткен. Бұған дейін гастрольдік сапарлардан көз ашпаған өнер иесі бүгінде бар көңілін отбасына бөліп жатқанын алға тартты.

Ол ТЖ режимін немерелерінің ортасында өткізіп жатқанын жеткізді. Оған қоса, ол өнер иелері сахнада ән айтып қана қоймай, үйдің шаруасын да мықты жасайтынын көрсетті.

Әнші Instagram парақшасында үй жинап жүрген сәтінен видео жариялаған. Онда шоу-бизнес жұлдызы терезе сүртіп, көлік жуып, есік алдын сыпырып жүргенін көруге болады. Сонымен қатар, соңғы бейнежазбада оның көшеде жүгіріп жүргені көрініс тапты.

"Өнер адамдарын көбіне гастрольдік сапарда, сахнада әдемі болып жүргенін көріп үйреніп қалғансыздар ғой. Жұмысымыздан қолымыз босағанда отбасымызға көңіл бөліп, немерелерімізді еркелетіп, үй шаруасымен айналысқанды жанымыз қалайды. Бала кезімізде ауылда істеп, бойымыз үйренген жұмыстар болғандықтан құлшына кірісіп кетемін. Ал сіздер не істеп жатсыздар жақсыларым" , - деп жазды Шахизада.

Айта кетейік, бұған дейін Шахизада екінші рет үйленген ұлын сөккендерге жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1851968-sahnadan-jge-sahizada-karantin-uakytyn-kalaj-tkizip-zatkanyn-krsetti-video/

pixel