RU

"Қоя сал дедім": Нұрлан Еспанов ұлы өзге ұлт аруымен көңіл қоспақ болғанын айтты

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов жалғыз ұлы өзге ұлт қызымен көңіл жарастырмақ болғанын ашық айтты. Алайда, өнер иесі баласының таңдауына бірден өз қарсылығын білдіріп, оған әкелік ақылын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/espanov_olzhas. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/espanov_olzhas. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрлан Еспанов болашақ келінінің қазақ ұлтынан болғанын қалайтынын ашық түрде айтты.

"Керек емес маған. Ол менің жалғыз ұлым. Мен оған "балам, кішкене бізге де қарасаңшы" дедім. Бізбен бе кішкене ақылдассаңшы деп айттым. "Сенде бәрі бар. Үйің мен автокөлігің бар. Саған тек қана өмір сүру мен бізге қарау ғана қалып тұр ғой. Мен саған бәрін жасап беремін. Қорықпасаңшы" дедім.
Қатты жақсы көріп тұрса көреміз. Өзі кесіп пішсін енді. Менің ұлым ақылды. Ол дұрыс шешім қабылдайтынына сенімдімін. Бірақ, мен "қоя сал" дедім. Уақытқа байланысты қоя тұр дедім. Кеше ғана әпкесін шығарып салдық. Енді ол тұра тұру керек" , - деді Еспанов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспанов сұхбат кезінде көз жасына ерік берген болатын. Ол өзін жеңілтек адам деп есептейтін жандарға жауап беріп, әрқашан көңілді жүруінің себібін неде екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1852287-koa-sal-dedim-nrlan-espanov-ly-zge-aruymen-il-kospak-bolganyn-ajtty.html