Выйти
RU

Павлодарда карантиннен шыққан ақ халаттылар көз жасын тыя алмады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодарда пациенттен коронавирус инфекциясы табылуына байланысты карантинге жабылған №1 қалалық аурухананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері мекеме ғимаратынан шықты. Ақ халаттылар 14 күннен бойы карантинде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии

Видеодағы кадрлар: instagram.com/salauatiglikov

Жабық ғимарат ішінде медицина саласының 130-тан аса қызметкері қалған көрінеді.

Олардың көбіне карантин енгізілгені күтпеген жағдай болған, кейбірінің үйінде балалары қараусыз қалған, бұл жағдайда ақ халаттылар достары мен туыстарының көмегіне жүгінген екен.

Екі аптадан кейін "бостандыққа шығып", қуаныштың көз жасын тыя алмаған медицина қызметкерлері енді жақындарымен қауышпақ.

Ақ халаттылар карантинде болу моральдық тұрғыдан қиын болғанын мойындады. Физикалық жағынан да қиын болған, олар тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр болған. Осындай тәжірибеден кейін №1 қалалық аурухана енді жаңа жұмыс форматын енгізуде.

"Ғимараттың сыртында, кіреберісте дәрігер тұратын пост болады, ол ғимаратқа басқа инфекцияның енуіне жол бермеу үшін науқастарды тиісті бөлімдер бойынша сұрыптайды.
Қабылдау бөлімі оқшаулау цикліне көшіп, үш ауысыммен жұмыс істейді, мұнда дәрігерлер пациенттерді қабылдауын жалғастырады, алайда оларға жұмыс бөлмесінен шығуға болмайды", – деді №1 аурухананың бас дәрігері Советхан Смаков.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айтпақшы, дәрігерлердің бір бөлігі ауруханада болғанда, 800-ден астам әріптестері үйде қалуға мәжбүр болған. Карантинде болған дәрігерлер барлық 24 сағат тәулік бойы жұмыс істегенін ескере отырып, ақы төленеді, ал жұмыс істемейтін дәрігерлерге ең төменгі жалақы төленеді.

Еске салсақ, 4 сәуірде аурухана коронавирустық ауру анықталғаннан кейін бірнеше көпқабатты ғимараттармен бірге карантинге жабылған болатын, өлім жағдайы тіркелген болатын.

Коронавирус анықталған марқұм зейнеткермен тікелей байланыста болған дәрігерлердің кейбірі бөлек оқшауланды.

Кейін олар ешкім оларға өтемақы төлемегенін айтып шағымданды. Жағдайға облыс басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасы араласуға тура келді.

Қазіргі кезде Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 43 науқас тіркелді. Еліміз бойынша бұл көрсеткіш 2191 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда карантиннен шыққан ақ халаттылар көз жасын тыя алмады (видео)