Выйти
RU

"Үнемі күліп жүреді": Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы ол туралы бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет жолдасымен бірге сұхбат беріп, елді таңғалдырды. Ерлі-зайыптылар тілдесу барысында барынша ашылып, отбасылық сырларымен бөлісті. Отағасы әркез ел алдында жүретін жұлдызды жұбайының үйінде шын мәнінде қандай екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Карантиндегі жұлдыз" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Беркінбаев әйелі шынайы өмірде өзін қалай ұстайтыны туралы бар шындықты ашты.

"Осы карантин болғалы адаммен таңертеннен кешке дейін емес, тәулік бойы қасында болған соң көп нәрселерді білдіргіміз келмей жүрген шығармыз. Көп жағдайлар болады. Отбасы болғаннан кейін, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ, мінездерімізді біліп алғанбыз. Ләйлә жұмыс бабында қалай күліп жүрсе көшеде, оның үйге келіп басқа Ләйлә болуы мүмкін емес.
Оның бір жақсы қасиеті - үйге күліп кіреді, үйден күліп шығады. Ұлдарымыз да сондай. Әсіресе, үлкен ұлымыз. Кіші ұлымыз маған тартқан. Ол кішкене қабағын түйіп жүріп, басқаларды қорқытып жүргісі келеді. Ләйлә өзі нәзік. Күліп жүретін адамға өзі бірдене айту да қиын", - деді Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үнемі күліп жүреді": Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы ол туралы бар шындықты айтты