Выйти
RU

Алматы облысында қарулы топ кешкі отырыс жасамақшы болған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тәртіп сақшылары Алматы облысындағы Кіші Шымбұлақта туған күн тойлап, карантин режимін бұзған 19 адамды ұстады. Кешкі отырыста атыс қаруы болғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында

Фото: ҚР ІІМ

Алматы облысы криминалдық полиция қызметкерлері Ақсу ауданында адамдар жиналып жатқаны жөнінде және олар қарулы болу мүмкін екені туралы ақпарат келіп түскен бетте отырыс орнына аттанады.

Қапал ауылының шетінде орналасқан жерге келген жедел әрекет ету тобы карантин талаптарын бұзып, араларындағы бірінің туған күнін тойлау мақсатында 5 автокөлікке отырып келген 19 адамды құрықтады.

Алматы облысында

Фото: ҚР ІІМ

Тәртіп сақшылары автокөліктерді тінту кезінде төрт тапанша мен шолақ мылтық, сондай-ақ 43 дана оқдәрі табылды. Қарулар "Toyota Camry 50" және "Lexus 330" маркалы көліктерде жатқан. Бұл темір тұлпарлар Талдықорған қаласының тұрғындарына тиесі болып шықты.

Заңсыз жиналыстың барлық қатысушылары елдегі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ұсталды, қару-жарақ тәркіленді. Қазіргі кезде қаруды заңсыз сақтау туралы бап бойынша тергеу ісі басталды, іс бойынша толық деректі белгіленген баллистикалық сараптама беретін болады.

Алматы облысында

Фото: ҚР ІІМ

Қару табылған 4 адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тағы да оқыңыздар

Жын кірген адамды қалай анықтауға болады?

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында, Текеліде ТЖ режимін бұзған тұрғын ұсталғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында қарулы топ кешкі отырыс жасамақшы болған (фото)