Выйти
RU

Семейлік дәрігерлер коронавирусты емдеудің тың әдісін тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семейлік дәрігерлер COVID-19 инфекциясын емдеудің тын тәсілін қолданып жатыр. Қаладағы білікті ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың бірігіп атқарған еңбегі хал үстінде жатқан бір науқастың бетін бері қаратуға жәрдемдескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарна мәліметінше, ақ халаттылар өкпе жұмысын жақсартып, ағзаларды қалпына келтіру үшін сурфактант препараты мен виброакустикалық массаждар қолданған.

Өз кезегінде бұл әдістер тиімділігін көрсеткен.

"Вирустың ең бірінші зақымдайтыны сол, альвеола. Оны негізінде вирус тудырады, альвеола жабысқан кезде өкпенің бәрі жабысып қалады. Сондықтан ИВЛ-дың не көмегі бар, ол альвеоланы ашып, оттегін жеткізу. Бұл сурфактантты жаңа туған балаларға, тыныс жетіспеушілігі бар, өкпесі жарымаған балаларға қолданады.
Бірақ үлкендерге қолданбаған. Соны мен ойладым, науқастың кім біледі беті бері қарай ма, қарамай ма, осыны қолданайық деп жігіттерге айтып, дәрігер әріптестер қолдап, көрейік дедік. Негізі жағдайы ауыр болды науқастың", - дейді анестезиологтар тобының жетекшісі, штаб мүшесі Саят Таңатаров.

Ал Семей медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовтің айтуынша, бұл нұсқаулық дүниежүзілік және жеке тәжірибеге негізделіп жасалған. Оқу орны басшылығы жедел штаб жұмысын жандандыру үшін барлық жағдайларды қарастырған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Таңатаров осы әдістің арқасында ауыр халдегі науқасты аппараттан ерте ажыратқанын айтады.

"Практика, білім, ғылым бәрі бірге қосылып, соның арқасында үлкен ауыр жағдайда жатқан науқасты дерлік о дүниеден алып шықтық. Ол кісі болжам бойынша мүлдем кетіп қала ма деп ойлағанбыз", - деді Саят Таңатаров.

Өңірдің бас пульмонологы Жанар Оразалина хал үстінде жатқан науқасқа кешенді ем қолданылғанын, соның бірі – виброакустикалық массаж тәсілі екенін де растады.

Оның сөзінше, бұл шараның адам денсаулығына еш зияны жоқ. Сондықтан қиналып жатқан аурудың бетін бері қаратуға септігін тигізген.

Қазір семейлік ғалымдар бұл тың тәсілдерді арнайы жинақ ретінде жарыққа шығарып, интернет парақшалары арқылы таратуға күш салып жатыр. "Ең басты мақсат – күш жұмылдырып, қиындықты бірге еңсеру", дейді олар

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3063-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семейлік дәрігерлер коронавирусты емдеудің тың әдісін тапты