RU

Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері елорданың блок-бекеттерінде жұмыс істеуде

19 наурыздан бастап көлік бақылау департаментінің қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерінде жұмыс атқарып келеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресим сайты.

Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері елорданың тосқауыл бекеттерінде
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

30 наурызға дейін КБД қызметкерлері алты тосқауыл бекеттерінде (Нұр-Сұлтан қаласы және Жібек жолы, Қоянды, Ильинка, Талапкер, Қосшы ауылдары маңында) жұмыс істеген. Бүгінде олар Жібек жолы бекетінде сағат 09:00-ден 01:00-ге дейін, Қоянды және Көкшетау бекеттерінде сағат төрттен түнгі бірге дейін қызмет көрсетеді. Жұмыс кестесі ауысымды.

Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері елорданың тосқауыл бекеттерінде
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

Жұмыс уақыты басталар алдында медбикелер барлық қызметкерлердің дене қызуын өлшейді. Бекеттердің өздері арнайы залалсыздандыру құралдарымен жабдықталған.

«Коронавирусты болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру аясында біздің қызметкерлер құқық қорғау органдары және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасауда. Олар адамдардың қалаға өтуі мен шығуын, олардың мекен-жайын, тіркелген жерін, қайдан келе жатқанын, себебін және т.б. тексереді. Сондай-ақ жеңіл көлік, жолаушы және жүк тасымалдайтын көліктерді, олардың ТЖ кезеңінде жүріп-тұру үшін рұқсат қағаздарының болуын тексереді. Барлық қызметкерлерге нұсқау берілді. Біз өз кезегінде оларға барлық қорғаныс құралдарын, яғни бетперде, қолғаптар және антисептикалық құралдарды бердік», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық көлік бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

КБД менеджері Қасиет Байғазыұлы, адам ең көп өтетін бекеттердің бірі – Жібек жолы ауылы маңындағы тосқауыл бекетінде жұмыс істейді.

«Бұл біз үшін үлкен тәжірибе. Әрине, қорқыныш бар. Бірақ мұнда біз басқа қызметкерлермен бірге бір жұмыс атқарамыз. Біз тосқауыл бекеттерінен өтетін адамдарға кеңес беріп, анықтамаларын тексереміз. Әрбір азаматқа бара жатқан жеріне жетуге көмектескіміз келеді», – дейді Қ.Байғазыұлы.
Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері елорданың тосқауыл бекеттерінде
Фото : Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1853581-klik-bakylau-departamentini-kyzmetkerleri-elordany-blok-beketterinde-zmys-isteude.html