Выйти
RU

"Анам-орыс, шоқынғанмын": Бүркіттің жары ислам дінін қалай қабылдаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі саналатын Бүркіт пен Аиша ауқымды сұхбат беріп, ел білмейтін сырларын ашты. Өздеріне қатысты тың мәліметтерді бөлісу барасында әншінің жары кезінде шоқынғанын жайып салды. Аиша отбасын құрар алдында мұсылмандыққа бет бұрып, ислам дінін қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ "Карантиндегі отбасы" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aisha_vee. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aisha_vee. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүркіттің жары өзінің шынайы есімі Виктория екенін айтты. Аиша деген атын ол мешітте ислам дінін қабылдаған кезінде алған болып шықты.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызының келіншегі анасы орыс болғандықтан кезінде шоқынғанын мойындады.

"Аиша деген лақап аты емес. Көбісі қателесіп жатады. Аиша деген бұл мешіттен алған мұсылмандық аты" , - деді Бүркіт.
"Мен негізі бұған дейін шоқынғанмын. Менің анам - орыс. Мен отбасын құрар алдында мұсылмандықты қабылдауды шештім. Бірақ, оған дейін мен Айбекпен бірге өнер көрсетіп жүрдім. Сахнада Аиша болып жүрдім, бұл есім өзіме қатты ұнайтын. Мешітке барып, ислам дінін қабылдағанда Аиша мұсылмандық есімім болды" , - деді Аиша.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Белгілі болғандай, Аишаның ислам дінін қабылдағанына он жылдан астам уақыт өткен.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Бүркіт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, карантин шараларын бәсеңдетуді сұраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Анам-орыс, шоқынғанмын": Бүркіттің жары ислам дінін қалай қабылдаған