RU

Әскерге баратындарға борышын өз өңірінде өтеуге рұқсат беріле ме

Қазақстанның қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов елімізде "әскерге шақырылған жастарға өз облысында борышын өтей алатындай таңдау беріле ме" деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі: UGC

Бұл туралы Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

"Мерзімді әскери қызметке шақыруды жоспарлау, ұйымдастыру жұмысы шақырылған азаматтарды басқа өңірлерде әскери борышын өтеуді қарастырады. Мәселен солтүстік өңірден шақырылған азаматтар міндетті түрде әскери борышын шығыста немесе батыста өтейді. Әскерді жасақтаудың аталмыш аумақтық қағидаты жас азаматтарды басқа аймақтардың климаттық жағдайына бейімдеп, физикалық тұрғыда мығым болуына септігін тигізеді", - деді ол.

Жүсіповтың сөзінше, кейбір әскери бөлімнің ерекшелігі онсыз да аумақтық қағидаттың сақталуын талап етеді.

"Мәселен қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзету мекемелерін осы санатқа жатқызуға болады", - деді Қазақстанның қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854218-skerge-baratyndarga-borysyn-z-irinde-teuge-rksat-berile-me.html