Выйти
RU

Дәурен Абаев ақпарат министрі қызметінен босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дәурен Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ

"Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", – делінген құжатта.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келді.

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 2006 жылы Нидерландыдағы Лейден университетін, 2014 жылы Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастады.

2007 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімін басқарды.

2009 жылдың қазан айынан бастап президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аймақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор болып қызмет етті. Екі жылдан кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болды.

2013 жылғы шілдеде Дәурен Абаев Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі болып тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

2016 жылы Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығына келіп, 2019 жылдың 25 ақпанында ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәурен Абаев ақпарат министрі қызметінен босатылды