Выйти
RU

Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға қанша ақша беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

6 мамыр күні Мақтаарал ауданына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия барды.

Су басқан аумақтарды аралап шыққаннан кейін, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және өзбек әріптестермен бірге, мемлекеттік комиссия су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарына соқты.

Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған олар Мырзакент елді мекенінде жиналыс өткізді. 

Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. 

Мырзакент төңірегінде Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынады. Жаңа тұрғын үй алабына барлық коммуникация желісі жүргізіліп, балабақшалар мен мектептер бой көтермек.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Су астында қалған екі ауыл — Фирдоуси және Өргебас ауылдарының азаматтарына облыс әкімі үш түрлі ұсыныс айтты:
  • Басқа елді мекенде үйлер салып, сол жаққа көшу; 
  • Суға кеткен ауылдағы үйлерін қалпына келтіру;
  • Тұрғын үйін өзі қалпына келтіруге ниет білдірсе, тиісті қаражаты аударылады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұл үш ұсыныстың қайсысын таңдау тұрғындардың өз еріктерінде болмақ, олар ортақ жиында бір шешімге келуі тиіс. 

Еске сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірқатар ауылды су басқан болатын.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға қанша ақша беріледі