Выйти
RU

ТЖ кезінде ауызашар беріп, моншаға барған қызылордалық жауапқа тартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ТЖ кезінде ауызашар беріп, моншаға барған қызылордалық жауапқа тартылды

Фото: NUR.KZ

Бүгінде қоғамдық тәртіп пен адамдардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу әрекеттерге барып жатқан тұрғындар саны азаяр емес.

26 сәуірде деструктивті діни ағымының мүшесі болып табылатын Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің үйінде “ауызашар” ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын бес деструктивті діни ағымының мүшелерін шақырған. Кешкі астан кейін кездесуді олар моншада шомылумен жалғастырған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу) жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған  құжаттар сотқа жолданып, сот шешімімен тәртіп бұзушыларға 10 АЕК (27780тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, 7 мамыр таңертең елімізде коронавирус жұқтырудың тағы 80 дерегі тіркелді. Осылайша, қауіпті дертке шалдыққандар саны 4502-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ кезінде ауызашар беріп, моншаға барған қызылордалық жауапқа тартылды