Выйти
RU

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 210 мыңға жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде Covid-19 жұқтырғандар саны 210 мыңға жуықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Ресейде коронавирусты жұқтырған тағы 11 012 адам тіркелді. Елде Covid-19 жұқтырған адамдардың жалпы саны 209 688-ді құрап отыр. Қауіпті дерттен тағы 2 390 адам жазылып шықты. Ресейде вирустан айыққандардың жалпы саны — 34 306", - делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігімен шектесетін елде індет салдарынан 1 915 адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Ведомство мәліметінше, Украинада вирусты жұқтырған жалпы 15 232 адам тіркелген. Олардың 391 науқасы қауіпті дерттен көз жұмса, 3 060-ы жазылған.

Ал дүние жүзінде қазіргі уақытта 4 100 609 адам коронавирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш бойынша Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр. Онда науқастар саны 1,3 миллионнан асқан.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5076-ға жеткен. Олардың 1828-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 31 науқас вирус салдарынан көз жұмды.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны 210 мыңға жуықтады