Выйти
RU

"Шыдам таусылды": Блок-бекеттен өте алмай жүрген тұрғындар жанайқайын жеткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы мен облыс тұрғындары бүгін шаһарға кіреберістердегі блок-бекеттерде кептеліс тудырды. Автокөліктер мен жауя жүргіншілердің басым бөлігі қала маңынан келе жатқандар. Азаматтар неліктер қалаға кіруге және керісінше, облыс аумағына шығуға тырысып жатқандарын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Құлжа тракты бойында орналасқан №24 бекеттің алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Көптеген автокөліктер қалаға кіруге тырысуда. Жаяу жүргіншілер саны айтарлықтай аз.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Облыс тұрғындарының бірі – Ермек қалада құрылыста жұмыс істейді. Алайда, карантинге байланысты үйінде, Панфиловта қалуға мәжбүр. Айтуынша, ауылдағылардың көбісі Алматыда қызмет істейтіндіктен жұмыссыз қалып отыр.

"42 500 теңгені алдық, бірақ, үш баласы бар отбасыны ол ақшаға асырау қиын. Егер қалаға кіруге рұқсат бермесе, ауылдан бірдеңе іздеуге тура келеді", – дейді ол.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бақыт есімді ер адам мал базарда жұмыс істейді, сатылымға шығарылған қойларға күтім жасайды. Мүгедектігі бар, алайда, 30 мың теңге жәрдемақы көпке жетпейді, сондықтан жұмыс істеуге мәжбүр.

"Аптасына екі рет Алматыдан базарға өтемін. Бекеттен өту қиын, жаяу жүремін. Бүгін шамалы тыныш болатын шығар деп ойлап едім, алайда бір сағаттан астам уақыт кезекте тұрдым.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Өмір сүру үшін жұмыс істеуге тура келеді. Зейнетақым 30 мың теңгені құрайды. Жәрдемақы алып жүргендіктен 42 500 теңге ала алмадым. Әйелім де ауруға шалдыққан", – дейді Бақыт.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Құлжа трактындағы бекеттің бойында такси жүргізушілері тұр. Олар шекарадан өтпейді, бекеттен жаяу өткен адамдарды тасиды. Шелектен келген такси жүргізушісінің айтуынша, ол жерге дейін бір адам басына жол ақысы 1500 теңгені құрайды.

"Тапсырыспен қалаға адам алып келдім. Енді бензиннің ақшасын өтеу үшін қайтарға кем дегенде екі адам алуым керек. Салон толық толмайды, адамдар көп емес", – дейді ол.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Алтын Орда" базарының алдындағы блок-бекетте де адам аз емес. Бірі Алматыға кіргісі келсе, кейбірі облысқа шығуға ниетті.

Екі әйел абыржыған күйде жол жиегінде отыр. Айтуларынша, Іргелідегі аяқ киім фабрикасында жұмыс істейді, жұмыс орнынан анықтамалары да бар. Алайда, қалада тіркелгендіктен облысқа кіре алмай жатқан көрінеді.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Тағы бір ер адам – облыс тұрғыны, бірақ жұмысқа бола Алматыда қалып қойған. Екі ай бойы бала-шағасын көрмегенін айтады. Бірақ ол тіпті Ақмола облысында тіркелген екен. Осы уақыт бойы жұмысында тұрып жүргенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Аяғы ауыр Наргиз есімді келіншек ауруханаға бару үшін күніне бірнеше рет бекеттерден өтетінін жеткізді.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Шыдамым таусылды. Бірнеше күннен кейін босануым керек. Бір нәрсені қайта-қайта түсіндіруге мәжбүрмін. Қазір үлкен балама медициналық-еңбек сараптамалық комиссиясынан өту керек, ол – екінші топтағы мүгедек", – дейді келіншек.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шыдам таусылды": Блок-бекеттен өте алмай жүрген тұрғындар жанайқайын жеткізді