Выйти
RU

ТЖ кезінде жұмыс істеген әскерилер мен техника блокпосттарды "босатады"

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше, 11 мамырда Қазақстандағы төтенше жағдай режимі өз мәресіне жетті, сондықтан кешеден бастап әскери қызметшілер мен әскери техника тұрақты орналастыру орындарына оралуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ТЖ режимі кезінде тартылған әскерилер және техника тұрақты бөлімдеріне оралады

Фото: NUR.KZ

Ведомствоның хабарлауынша, әскери күштер тұрақты орналастыру пункттеріне оралады, олар төтенше жағдай кезінде блок-бекеттерде кезекшілік етіп, қалаларды күзетіп, көшелерді дезинфекциялауға қатысқан.

Әскерилерді тұрақты пунктерге жеткізу әскери-көлік авиациясының көмегімен іске асырылады.

Бұл арнайы жиындарға қатысатын аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілеріне қатысты емес екендігі атап өтілді. Олар эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысуын одан әрі жалғастырады.

Еске салайық, кеше, 11 мамырда Қазақстандағы төтенше жағдай режимі ресми түрде соңына жетті, бірақ көптеген қала мен аймақта карантин режимі жалғасуда.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов карантиндік шектеулер біртіндеп алынады деп мәлімдеді. Олар бірінші жаз айының соңына дейін жалғасады деп болжанып отыр.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін қазақстандықтар үшін қандай нысандар мен демалыс орындары бар екенін айтты.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан айналасындағы блок-бекеттер қашан алынатыны жайлы әкім орынбасары айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ТЖ кезінде жұмыс істеген әскерилер мен техника блокпосттарды "босатады"
Mailfire view pixel