Выйти
RU

Алматы аспанындағы ерекше бұлт: Тұрғындар таңданысын жасыра алмады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше Алматы аспанында ерекше құбылыс байқалды – күн батқанда бұлттар қызғылт түске оранды. Қала тұрғындары бұл көріністі камераға түсіріп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ. Фото: vk.com/almatyonline1

Коллаж NUR.KZ. Фото: vk.com/almatyonline1

Ерекше көріністің фотолары мен видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

Алматылықтар мұндай құбылыстың қалада жиі көріне бермейтінін жарыса жазды.

Әдетте мұндай уақытта аспан тап-таза болып немесе қою түтіннен көрінбей, тұмшаланып тұрады.

Ал басқалары оңтүстік астананың аспаны соңғы уақытта осындай ғажайып түске боялатынын алға тартты.

Кейбіреулері тіпті, коронавирус үшін барлығы үйде отырып бұл көріністі байқағанын, әдетте ешкімнің аспанға қарауға уақыты болмайтынын атап өтті.

Фото: vk.com/almatyonline1

Фото: vk.com/almatyonline1

Фото: vk.com/almatyonline1

Фото: vk.com/almatyonline1

Фото: vk.com/almatyonline1

Фото: vk.com/almatyonline1

"Күн батқанша аспанға қарап отырдым. Жалғыз өзім ғана байқадым ба десем, мен сияқтылар көп екен ғой".
"Аузымды ашып қарап отырдым. Жынды құсап жымиып отыра беріппін".
"Бүгін түсірдім, жарылыстан кейін пайда болған саңырауқұлақ секілді көрінді", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін қалалар мен облыстарда қашаннан бастап саябақта серуендеуге рұқсат берілетінін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы аспанындағы ерекше бұлт: Тұрғындар таңданысын жасыра алмады (фото)
Mailfire view pixel