Выйти
RU

Ауруханаға арқа ауруына шағымданып барған ер адам үш бірдей бүйрегі барын білген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бразилияда ауруханаға арқа ауруымен түскен азаматтан екі емес, бірден үш бүйрек анықталған. Дәрігерлер 38 жастағы пациентті компьютерлік томографияға түсіргенде қызық жағдайға тап болған деп жазады KAZ.NUR.KZ -ке сілтеме жасап.

Ауруханаға арқа ауруына шағымданып барған ер адамнан үш бірдей бүйрек анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Компьютерлік томография барысында ер адамнан омыртқааралық дискінің жарығы және оның жылжуы анықталған.

Ақ халаттылар суреттердегі ауытқуды зерттей келе, пациентте әдеттегідей екі емес, үш бүйрек барын білген.

Ер адамның тек сол жақ бүйрек қалыпты болып шықты, ал оң жақ бүйрегінің орнында жамбас сүйегінің қасында орналасқан екі жабысқан орган болған.

Үш бүйректің бәрі дұрыс жұмыс істеген. Мұндай жаңалық ауру белгілерінің біліне қоймауына байланысты медицинда сирек кездеседі.

Әдетте, әр бүйректен шыққан несептамыр қуыққа бөлек келеді, бірақ бразилиялық ер адамның жағдайында сол жақ бүйрек пен екі жабысып тұрған органның бірінде бір ортақ канал болған.

Айта кетейік, "қосымша бүйректердің" пайда болуы эмбрионның қалыптасуы кезіндегі ауытқыған процестер нәтижесінде пайда болатыны айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та үш баладан коронавирусқа тән емес ауру белгілері анықталғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауруханаға арқа ауруына шағымданып барған ер адам үш бірдей бүйрегі барын білген