Выйти
RU

Түркістанда келіншек қаржы пирамидасына салып жіберген ақшаны жасыру үшін полицейлерді алдаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының тұрғыны ақшасын қаржы пирамидасына салып жіберіп, ісін жасыру үшін "ұрлық болды" деп полицейлерге жалған ақпарат берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сайрам аудандық полиция департаментіне жергілікті тұрғын хабарласып, үйінен белгісіз адамдар ірі көлемде ақшаны қолды қылғанын жеткізген.

Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, үй ұрылары оның пәтеріне кіріп, сандықтан миллион теңгесін ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары тұрғынның арызын тіркеп, тез арада іздеу-іс шараларын бастаған.

Олар қылмыс орнын мұқият қарау кезінде бөтен адамдардың іздерін таба алмаған. Осыдан кейін ұрлықты отбасы жақындарының бірі жасауы мүмкін деген болжамға келеді.

Құзырлы орган өкілдері үй тұрғындарынан, көршілерден жауап алғаннан кейін, аталған ұрлыққа жәбірленушінің өзінің қатысы барын анықтайды.

Белгілі болғандай, әйел адам күйеуіне айтпай қаржы пирамидасына бір миллион теңге салып жіберген. Жұбайынан ақшаның жоғалуын жасыру үшін полиция шақырып, "ұрлық жасалды" деп жалған ақпарат берген.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша, қылмыстық кодекстің 419 бабы (көрінеу жалған ақпарат жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Күдікті қолхатпен босатылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін отбасылық бюджеттегі қаражатты автоматты ойындарға жұмсап жіберген Алматы облысының тұрғыны өзін белгісіз біреулердің тонап кеткенін айтып, полцияға арызданғанын хабарлаған едік.

Ер азамат бұндай қадамға келіншегімен жанжалдаспас үшін барған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістанда келіншек қаржы пирамидасына салып жіберген ақшаны жасыру үшін полицейлерді алдаған
Mailfire view pixel