Выйти
RU

Үздік туристік аймаққа айналған Маңғыстау өңірінде "Ата жолы" аяқталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғаз Маңғыстау өңірі Қазақстандағы үздік 10 туристік аймақтың бірі. Жыл өткен сайын Каспий теңізінің жағасы туристер демалатын орынға айналып, келушілердің саны артқан. Теңізден бөлек Қазақстанның жеті кереметінің бірі - Бекет ата жерасты мешіті және басқа да киелі орындар дәл осы Маңғыстау жерінде.

«Ата жолы» аяқталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл ел көлемінде сәулетші, ағартушы Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығы. Жыл сайын Атаның басына зиярат етіп келетін ішкі және сыртқы туристердің саны артқан. Мекере қарсаңында Бекет ата мешіті мен оған апаратын жол бойы және Шопан ата мешіттерінің аумағы абаттандырылып, көне жәдігерлер қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ата жолы» аяқталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 шақырым қашықта жер астынан шығатын табиғи суға құбыр тартып, мешітке дейін әкелінді. 2017 жылы «Ата жолы» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Жоба екі кезеңмен жүрді. Алғашқы бөлігінде 5 млрд 460 млн.тенгеге 51 шақырым жол жөнделсе, екінші кезеңінде 4 млрд 554 млн.тенгеге 46 шақырым жолға реконструкция жасалып, асфальт төселді.

«Ата жолы» аяқталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ендігі кезекте Облыс әкімінің тапсырмасымен Бекет ата мешітіне газ желісін тарту мәселесі қолға алынды. Демеушілердің көмегімен алдағы уақытта бұл жоба да іске асады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

«Ата жолы» аяқталды

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Серікбай Трұмов - Маңғыстау облысының әкімі: "Өзіміздің әріптестерімізбен бірге, ел ағаларымен, Өзенмұнайгаз мекемесімен бірге атаның басында тағы қандай жұмыстарды ұйымдастыратынымызды ақылдастық. Қазіргі кезде мәселе болып тұрған атаның басына газ әкелу. Сосын келген суды тұщытып, халықтың игілігіне жарату. Оны да ақылдастық. Демеушілердің көмегімен алдағы уақытта ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Шопан атаның басына да су тарту, көгалдандыруды жоспарлап отырмыз".
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үздік туристік аймаққа айналған Маңғыстау өңірінде "Ата жолы" аяқталды
Mailfire view pixel