RU

Нұрболат Абдуллин қазақ жігіттерін сынаған "альфонсты" тауып алып, орнына қойған (видео)

Әлеуметтік желіде өзінен әлдеқайда жасы үлкен әйелдермен қарым-қатынасы туралы айтып танылған Бекзат Жанзақ қазақ жігіттеріне тіл тигізіп, басы бәлеге қалды. Альфонстың атышулы сұхбатынан кейін оны отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин орнына қойған. Өнер иесі Бекзат Жанзақты тауып алып, онымен жеке сөйлеспек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/nurbullin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы атышулы альфонстың өзі белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбаты барысында айтып берген.

Бекзат Жанзақ Нұрболат Абдуллиннен қатты қорқып, сасқалақтап қалғанын жасырмады. Ол танымал әншіні қылмыс серкесі деп ойлап қалған.

"Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде құрбыммен бірге кофе ішіп отырғанмын. Біз контент барысында бір мәселлерді талқылап жатқан едік. Сол кезде аурасы ауыр бір адам келеді.

Қап-қара болып киініп, көзілдірік тағып алған. Қылмыс серкесі секілді болып көрінді. Менен "Бекзат Жанзақ деген сен бе едің?" деп сұрайды. Мен "иә" дедім.

Бұған дейін ешкімнен қорықпаймын, әрқайсысына дайынмын дейтінмін. Бірақ, сол кезде шыны керек, қорқып қалдым. Маған сыртқа шығып сөйлесейік деді.

Далаға шықсам, Gelendwagen көлігінің қасында тұр екен. Қылмыскерлердің көлігіндей тура. Маған "Не айтып жүрсің? Қазақ жігіттерін қалайша "порожняк" деп тұрсың? Бізде мықты жігіттер жетерлік" деді.

Мен ол кісіге бірден ол монтаж екенін түсіндіріп, жағдайдың шын мәнінде қалай болғанын айтып бердім. Ол кісі маған "енді мұндайды естімейтін болайын" деді.
Мен сасқалақтап оған "жақсы аға, киіміңіз күшті екен" деп жібердім. Сөйтсем, ол адам Нұрболат Абдуллин екен. Оны кейіннен білдім. Өмірде сахнадағыдай емес екен. Сақал-мұртымен басқа адам секілді", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855586-nrbolat-abdullin-kazak-zigitterin-synagan-alfonsty-tauyp-alyp-ornyna-kojgan-video.html