Выйти
RU

Ақтауда зорланған 15 жасар қыздың "жеке мәліметтері" желіде тарап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда тәртіп сақшылары 15 жасар қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығындағы брифинг барысында белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтауда зорланған 15 жасар қыздың жеке мәліметтері желіде тарап кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Қоғамдық коммуникация орталығында хабарлағандай, 8 мамыр күні жасөспірімінң анасы полицияға арыз тастаған. Ол қызын Ақтаудың ересек тұрғыны зорлағанын хабарлаған. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады.

Оған Қылмыстық кодекстің кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау және 16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу баптары бойынша айып тағылды. Екі бап бойынша максималды жаза- 17 жыл колония. Үш күн бұрын күдікті сот санкциясымен 2 айға қамалды. Тиісті сараптамалар жасалады.

Одан бөлек, мессенджерлерде жәбірленуші мен күдіктінің жеке мәліметтері және оқиға барысы айтылған хабарлама тарап кетті.

"WhatsApp желісінде қызды зорлау қылмысына қатысты жалған ақпараты бар SMS- хабарлама табылды",- деді өңірдің ПД басшысының орынбасары Амангелді Досжанов.

Осыған байланысты полиция жеке өмірге қолсұқпаушылықты бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Күдікті анықталып жатыр.

Брифинг барысында хабарлама тарағаннан кейін 5-ықшамаудан алаңдарының бірінде бірнеше адам жиналғаны белгілі болды. Олар зорлау оқиғасының мән-жайын білгісі келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірген. Азаматтар полицияға жеткізіліп, түсіндіру жұмыстарынан кейін үйіне қайтарылды.

Құқық қорғау органдары хабарламалардағы үндеулер мен арандатушылыққа бой алдырмай, ресми дереккөзге сенуге шақырды. Оқиғаға байланысты басқа ақпарат хабарланбайды. Аталған іс облыстық прокурордың ерекше бақылауында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда зорланған 15 жасар қыздың "жеке мәліметтері" желіде тарап кетті
Mailfire view pixel