Выйти
RU

Өскемен тұрғындары карантинге байланысты бас санитар дәрігерді сотқа берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскемен тұрғындары енгізілген карантинге наразы. Олар өңірдің бас санитар дәрігерін сотқа берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өскемен тұрғындары карантинге байланысты бас санитар дәрігерді сотқа берді

Фото: Еуразия бірінші арнасы

"Еуразия бірінші арнасы" тілшісі ШҚО бас санитар дәрігері қызметіндегі Гүлайым Тағаеваны өңірдің екі тұрғыны сотқа бергенін хабарлады. Олардың бірі журналиспен тілдесіп те үлгерген екен.

Мұхтар Тойбазаров - өскемендік кәсіпкер. Тұрғындар наразылығын білдірген ол қазір 340 мың халқы бар Өскеменде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам жоқ екенін айтады.

Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млн-ға жуық халық тұрады. Пандемия уақытында тек 52 жағдай тіркелген.

"Бұл жағдайда ол 0,00037%. Қандай эпидемияны айтып отырмыз?", - деді кәсіпкер.

Қазақстандықтың сөзінше, Өскеменде карантин режимін алып тастап, қалалықтарға жұмысқа оралуға рұқсат беру қажет.

Сонымен қатар, қала тұрғындары санитар дәрігердің қоғамдық көлікке байланысты қаулысына қарсылық танытты. Оған сәйкес, жолаушылар 2 метр арақашықтық сақтауы тиіс, ал жүргізуші жолаушылар саны орындардан асып кетпеуін қадағалауы қажет.

Қалалықтар бұр ереже, тіпті, ақылға қонымсыз деп есептейді. Себебі, карантин уақытында да автобустар лық толы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскемен тұрғындары карантинге байланысты бас санитар дәрігерді сотқа берді