Выйти
RU

"Барымызда бағалайық": Отандық жұлдыздар Гүлнәр Дәукенова жайлы естеліктерімен бөлісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары өмірден өткен белгілі композитор Гүлнәр Дәукенованы естеріне алып, оған жантебірентерлік жазба арнауда. Эстрада өкілдері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісінің қазасы қазақ өнері үшін орны толмас қайғы екенін жеткізіп, көңіл айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigul_imanbaeva/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aigul_imanbaeva/m_besbaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүгін әншілер қауымы күні кеше қайтыс болған композитордың отбасы мен жақындарына басу айтып жатыр.

Олардың арасында Айгүл Иманбаева, Бағлан Әбдірайымов, Мейрамбек Бесбаев, Меруерт Түсіпбаева мен Мақпал Жүнісова да бар.

"Бүгін белгілі әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Композиторлар Одағының мүшесі Гүлнәр Дәукенова өмірден өтті. Халық арасына кеңінен танылған "Сағындым сағым жылдар", "Күрең күз", "Қайран уақыт", "Шыңдағы шынарым-ай", "Мөлдір сезім" секілді көптеген әндердің авторы Гүлнәр Дәукенова әпкеміздің туындылары да, өзінің жан дүниесі секілді шынайылыққа, сыршылдыққа, лиризмге толы болатын.

Ширек ғасырдан астам уақыт ұлттық музыкамыздың қара шаңырағы - Құрманғазы оркестрінде еңбек етті.

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста үлкен толғаныстан туған "Жасай бер, Қазақстаным!" күйі - көптеген оркестрлердің репертуарының алтын қорына енді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Елге деген махаббатын әнмен, күймен өрнектеген Гүлнар апай - өмірде кішілік пен кісілікті, адалдық пен мейірімді, адамгершілік асыл қасиеттерді ту етті.Көптеген әндері - марқұм Мәдина Ералиева шығармашылығының бойтұмарына айналды. "Қайран уақыт" әнін Мақпал Жүнісова әуелетті.

Өнер әлемінде өзіндік орны, өз биігі бар Гүлнәр Дәукенова - Үржардың қасиетті топырағынан түлеп ұшып, Шығыстың Шынары" атанды.

Тағдыр қосқан серігі - Донеділ Қажымов та елімізге танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Тас түскен жеріне ауыр",- дейді бабаларымыз, Донеділ ағамызға қайғырып көңіл айтамыз.

"Айгөлек мына бір әнімді сенің айтқаныңды қалаймын" деп маған беріп еді. Қош болыңыз, Гүлнар апай, әр қазақтың жүрегінде сіздің сазды әндеріңіз қалады. Иманыңыз жолдас болсын. Бір-бірімізді барымызда бағалайық" , - деп жазды Иманбаева өзінің Instagram парақшасында.

Мақпал Жүнісова да Дәукеновамен қимай қоштасып, оған қатысты жазба жариялаған.

"Бүгін өмірден Гүлнар Дәукенова озды. “Қайран уақыт”, "Сағым жылдар”, "Күрең күз”, "Алтыным Анашым", ”Ризамын өмір мен саған” тағы да ұмытылмас әндерін, күйлерін қалдырып ,қимастықпен хош айтысып кете барды. Артында қалған ұрпағына, жолдасыны, туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Жұмақтың төрінде болғайсың Гүлнәржан" , - деп жазды әнші.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанның атақты дизайнерлері

Мейрамбек Бесбаев та танымал композитордың қазасы өзіне ауыр тигенін жасырмады.

"Көктемде дүние түгел жаңарып, күзде солғын тартып көңілді құлазытатын еді. Ал, сіз қоңыр күзде дүниеге келіп, әлем жаңарып жатқанда жалғанның есігін қайыр қош деп жаптыңыз.

"Күрең күзіңізді" күйіне келтіре шырқаған Мадина Ералиева әпкеміздің соңғы әні сол еді. Бүгін өзіңіз сағым жылдар арасына сағыныш болып ендіңіз. Қазақ өнері жүрегі сырлы сазға толы аяулы адамынан айрылды.

Гүлнәр әпкемнің туған-туыстарына сазгер Донеділ ағама, барша қазақ еліне" , - деп жазды "МузАРТ" әншісі.

Меруерт Түсіпбаева марқұм Гүлнәр Дәукенованы тек қана ақкөңіл әрі жылы жүзді адам ретінде білгенін айтты.

"Гүлнәр Дәукенова әпкеміз өмірден озды деген суық хабар тарады бүгін. Мен, талантты композитор әпкеміздің, “ Сағым жылдар” деген әнін орындап жүремін. Сүйікті әндерімнің бірі. Бар қазақтың сүйікті әндерінің бірі деп ойлаймын.
Көріскен кезде, күлімдеп, жылулық сеуіп тұратын көркем жүзі, нәзік үні, менің есімде мәңгі қалады. Артыңызда қалған жолдасыңыз Донеділ ағама, туған- туыс, бала- шағаңызға қайғырып көңіл айтамын. Иманды болыңыз. Сенгім жоқ" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Барымызда бағалайық": Отандық жұлдыздар Гүлнәр Дәукенова жайлы естеліктерімен бөлісті
Mailfire view pixel