RU

"Құшақтаспау керек": Жұмысқа шыққан қазақстандықтар әріптестерімен қалай амандасуы керек

Жұқпалы аурулар жөніндегі маман Динагүл Баешева Facebook-тегі ресми парақшасында "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" дәстүрлі айдарында жұмысқа шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтар өзін қалай ұстау керектігін айтты. Маман әріптестермен кездесу кезінде құшақтаспауға және сүйісіп амандаспауға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құшақтаспау керек: Жұмысқа шыққан қазақстандықтар әріптестерімен қалай амандасуы керек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

11 мамырда елімізде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталған болатын. Осы орайда кей қазақстандықтар жұмысына кірісіп кетті.

Бірақ көбі әлі де үйде қалуға мәжбүр, өйткені бірнеше кәсіпорындарға жұмысын бастауға әлі де рұқсат берілмеген.

"Қазақстандықтар шамамен екі ай үйде отырды. Олар жұмысқа барғанда өзін қалай ұстағаны жөн?", – деп сұрады маманнан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Бұған жауап ретінде Динагүл Баешева елдегі коронавирус жағдайы тұрақтағанына қарамастан, маска киіп, антисептик қолдану әлі де өзекті екенін айтты.

Сонымен қатар Баешева әлеуметтік қашықтықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

"Көпшілігі ұзақ уақыт көрмеген әріптестерімен кездескенде, қауышқанына қуанып, құшақтаса жөнеледі. Бұл дұрыс емес. Алдын алу шараларын сақтау керек", – дейді жұқпалы аурулар жөніндегі маман.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 154 адамның тіркелгенін хабарлағанд едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855810-ksaktaspau-kerek-zmyska-sykkan-kazakstandyktar-riptesterimen-kalaj-amandasuy-kerek.html