Выйти
RU

"Ұят емес пе, ел көріп отыр": Анна Данченко эфирге қысқа көйлек киіп шығудан бас тартқан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко тікелей эфирге қысқа киіммен шықпай қойған. Ол өзі жүргізетін бағдарламаның стилисі ұсынған қысқа көйлекті киюден бас тартқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Анна Данченко басынан өткен ыңғайсыз жағдайы туралы Instagram парақшасында айтып берді. Тележүргізуші стилистің тікелей эфир үшін таңдап берген киіміне шүйліккен. Ол бағдарламаны қысқа көйлекпен жүргізбейтінін түсіндірген.

Белгілі журналист қысқа әрі ашық киіммен ел алдына шығуды ұят нәрсе санағандықтан, болмысына сай емес дүние жасағысы келмейді.

"Мен, негізі, стилистсіз киім таңдаушы едім. TV саласында жүргеніме 14 жыл болды. Не жарасып, не жараспайтынын білем. Камера заңдылықтарын да ескерем. Оған қоса, тәрбием басқа - қысқа әрі ашық-шашық киімдерді таңдамаймын да, кимеймін. Мұғалім болып қызмет атқарғасын да, студенттердің алдында барынша жинақы болып жүруге тырысам. Өзіме де ұнайды.
Бүгін "Бір болайық" жобасының стилисі маған эфирге қысқа көйлек кигізбек болып еді, ұят емес пе, ел көріп отыр деп едім, үндемей қалды. Түсінсе керек. Болмысыма сай емес дүние жасағым келмейді, жасамаймын да. Қанша жарасып тұрса да, өзімді ыңғайсыз сезінгім келмейді" , - деп жазды тележүргізуші.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бұған дейін Анна Данченко қазақша сөйлей алмайтын шенеуніктерге күйінген болатын. Ол ана тілін үйрену үшін қыруар қаржы керек емес екенін айтып, оларға өз кеңесін берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ұят емес пе, ел көріп отыр": Анна Данченко эфирге қысқа көйлек киіп шығудан бас тартқан