Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Көршілес жатқан Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды. Дегенмен бірқатар шектеу шаралары алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда карантин 1 маусымға дейін ұзартылды
Фото: UzNews.uz: UGC

Карантинді ұзарту туралы шешімді арнайы республикалық комиссия елдегі коронавирус жұқтырған науқастар санының өсу қаупін ескере отырып қабылдаған.

Сондай-ақ, Өзбекстанда 18 мамырдан бастап ел ішінде әуе және теміржол қатынастарының ішінара жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.

Атап айтқанда Ташкенттен Нүкіске, Үргенішке, Термезге және кері бағытқа ұшатын әуе рейстері қайта жанданбақ. Сонымен қатар, Afrosiyob пойыздары Ташкенттен Навоиға, Бұхараға және Қаршиға, ал жүрдек пойыздар Ферғана алқабына (Ферғана, Андижан және Наманған облыстары) және кері бағытқа қатынай бастайды.

Сондай-ақ, республика өңірлерінің қызыл, сары және жасыл деңгейлерге бөлінуіне байланысты халыққа қызмет көрсететін шағын және орта бизнестің кейбір түрлері, саябақтар, спорт стадиондары мен мұражайлар ашылатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанда карантин режимі 10 мамырға дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855943-zbekstanda-karantin-1-mausymga-dejin-zartyldy/

pixel