RU

"Боди-массажға барған": Жұмыстан шыққан полицей салонның үстінен арыз жазды

Алматы қаласында боди-массажға "барған" тәртіп сақшысы қызметінен кетті. Осыдан кейін жұмыссыз қалған тәртіп сақшысы салон қызметкерлерінің үстінен арыз қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/әлеуметтік желі
Видеодан кадр/әлеуметтік желі: UGC

Айта кетейік, әлеуметтік желіде 10 мамыр күні полиция қызметкерінінң боди-массаж салонында жүрген видеосы тараған. Ролик кадрынан тәртіп сақшысының қызметтік куәлігінін байқау қиын емес.

Осы шулы оқиғадан соң оңтүстік астананың полиция департаменті қызметкерін жұмыстан шығарды.

Сонымен қатар салон басшылығы да карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылға.

Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, қала тұрғындарының наразылығын тудырған видео екі ай бұрын түсірілген.

Тәртіп сақшысы бұл оқиғаның құрбаны екенін білдіріп, осы себепті қорғаушы жалдауға мәжбүр болғанын мәлім етті.

Бұрынғы полиция қызметкерінің адвокаты болса, ер адам салонға келгенде онда интим массаж жасалатынын білген, сол уақытта қызметтен бас тартып, ақшаны қайтаруын сұрағанын айтты.

Сонымен қатар салон өкілдері тексеру келіп қалған жағдайда видеоға түсіп қалған тәртіп сақшысына видеоны көрсетеміз деп қорқытқан көрінеді.

Қорғаушының сөзінше, салон карантин режимін бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Телеарна дерегінше, бұрынғы полицей "массаж қызметкерлерінің" үстінен арыз түсірген.

Қазіргі уақытта осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды.

"Салонның" кінәсі дәлелденсе, ондағылар 4 жылға дейін темір торға тоғытылуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855965-bodi-massazga-bargan-zmystan-sykkan-policej-salonny-stinen-aryz-zazdy.html