Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ереуіл басталды": Алматы полициясы желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

WhatsApp желісінде жиналып тұрған бір топ адамдар, әскерилер мен полиция көліктері бой көрсеткен видео тарап, елдің қызу талқысына түсті. Оған қоса, бейнежазбадан әлдекімнің ереуіл басталғаны туралы айтып жатқаннын естуге болады. Алматы полициясының департаментінде аталмыш роликке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Twitter

Белгілі болғандай, видео Алматыда Әуезов ауданында, Сайран автовокзалының маңында түсіріген.

"Ереуіл басталды, Сайран. Масқара, сарбаздар да келіп жетті. Нағыз хаос болып жатыр. Мында налар тұр" , - деді видеодағы дауыс.

Бейнежазбада бірнеше әскери көлік пен әскери қызметкерлердің өздерін де көруге болады. Сонымен қатар, кадрда полиция патрульдері де көрініс тапты.

Алматы полициясының департаментінде желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді. Құзырлы орган шын мәнінде ешқандай ереуіл мен митингтер болмағанын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

Анықталғандай, автовокзалдың қасында әскерден оралған сарбаздар мен олардың туыстары жиналған. Сарбаздар оңтүстік астанаға Қордайдан оралған.

Оған қоса, полиция департаментінің баспасөз қызметі ереуілге қатысты жалған ақпаратпен аталмыш видеоны таратқан адамның кім екені анықталғанын хабарлады.

Оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, алдағы уақытта заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады.

Полиция жалған ақпарат таратқан үшін жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін екенін ескертеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855968-ereuil-bastaldy-almaty-policiasy-zelidegi-videoga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel