Выйти
RU

СҚО-да жас кәсіпкер карантин кезінде маскалар тігіп, емханаға тегін таратты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Төрткүл дүниені жайлаған қауіпті індет біздің елімізді де айналып өтпеді. Қазақстанда коронавирустың таралуын барынша бәсеңдету мақсатында қажетті шаралар қабылданды. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ленинское ауылының тұрғыны Дүйсенбаева Қаламқас та нарық сұранысына қарай маска тігуді қолға алды. Жаңа бағытқа бейімделудің арқасында тігінші табысын сақтап қалды.

Ленинское ауылының жас кәсіпкері медициналық маска тігіп, емханаға тегін таратты

Көрнекі фото: pixabay.com

Қаламқас өзі тіккен медициналық маскаларды ауылдық емханаға тегін берді. Сондай-ақ, әкімдіктің қызметкерлеріне маска тігуді үйрету бойынша шеберлік дәрісін ұйымдастырды. 

«Әлемде орын алған осындай қиын кезеңде мен де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде халыққа қолымнан келгенше көмек көрсеткім келді. Ұлтым аман-сау, еліміздің іргесі берік болсын деп тілеймін», - дейді Қаламқас Амантайқызы.

Тігіншілікті кәсіп еткен Қаламқас Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен іске асырылатын Жастар корпусын дамыту жобасының түлегі. Бұған дейін сатушы, даяшы, аспаз болған ол Zhas Project жобасының арқасында ателье ашып, тұрақты жұмыс істеп келеді. Ол әуелде киім-кешектер мен төсек-орындарды үйде отырып тіккен.

Ленинское ауылының жас кәсіпкері медициналық маска тігіп, емханаға тегін таратты

Фото: Жеке мұрағат

«Zhas Project жобасы маған үлкен көмек болды. Менде кәсіби тігуге қажетті құралдардың көбісі жоқ болатын, сондықтан үйде тек оверлокты керек етпейтін заттар тігетінмін. Аллаға шүкір, осы жобаның арқасында арманым орындалды. Ойымдағыны жүзеге асырып, өз ісімді бастадым», - деп бөлісті Қаламқас Амантайқызы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Әжесі іс тіккенде Қаламқас жанында жіпсіз байланып отыратын. Біресе инесін сабақтап, біресе матасын кесіп беретін. Ал бүгін сол үйренгенінің барлығын өз ісінде пайдаланып жүр. Шебер жоба аясында грантқа ие болып, қаржыны тігін ательесін ашу мақсатында керек-жарақтарға жұмсады. Қаламқастың жобасының мақсаты әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға тігінші қызметін көрсету болды.

Ол балалары жоқ, жалғыз басты егде адамдар, мүгедектігі бойынша әлеуметтік қамсыздандыру тізімінде тұрған жандарға барынша көмектесуге тырысты. Ісмердің айтуынша, бұл жоба ауыл халқының әлеуетін көтеруге септігін тигізді.

«Жобада 4 кісі еңбек еттік. Шамамен 42 адамға тігіншілік қызмет көрсетілді. Тегін төсек-орын жабдықтарын тігіп, тараттық. Қарттар күніне орай, туған күндер мен мерейтойларға сыйлықтар жасадық. Жалпы алғанда, мұқтаж жандарға 30-ға жуық төсек-орын жабдығын тарту еттік. Сондай-ақ, басқа да қызметтерді атқардық. Мысалы, күртешелерді, киімдерді жөнге келтіріп, оларды қысқарту немесе үлкейту секілді шаруалармен де айналыстық», - деп нақтылады тігінші.
Ленинское ауылының жас кәсіпкері медициналық маска тігіп, емханаға тегін таратты

Фото: Жеке мұрағат

Жас кәсіпкер өңір халқына сапалы әрі қолжетімді бағамен тігін қызметін ұсынып, отандық бизнестің дамуына, жергілікті өндірісті жандандыруға атсалысып келеді. Қазіргі кезде карантинге байланысты ателье жұмысы тоқтап тұр. Бірақ болашақта тігіншінің кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу ойы бар. Қаламқас Дүйсенованың жұмыстарын Instagram желісінде @kalamkas1015, @tigin_atelesi парақшаларынан көруге болады.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да жас кәсіпкер карантин кезінде маскалар тігіп, емханаға тегін таратты
Mailfire view pixel