RU

Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды

Бүгін, 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 67 жасқа толды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды
Фото: NUR.KZ: Original

Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында дүниеге келді.

1970 жылы ол оңтүстік астанадағы №25 орта мектепті бітірген. Қазақстанның болашақ президенті кейін Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түседі.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданады.

1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіреді.

1993 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Осыдан кейін 5 жыл ішінде еліміздің сыртқы саясат бөлімін өзі басқарды.

1999 жылы республика премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1999-2002 жылдары Қазақстан үкіметін басқарды.

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары ол қайтадан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін басқарды.

2007-2011 жылдары ол депутат болды, Сенат төрағасы болды. 2011-2013 жж. аралығында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері болып сайланды. Ол бұл қызметті 6 жылға жуық уақыт атқарды.

2019 жылдың 20 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кету туралы шешім қабылдағаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті болды. Өткен жылдың 9 маусымында кезектен тыс президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіске жетті. 12 маусымда ұлықтау рәсімі болып өтті.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың туған күнін атап өту туралы айтқан болатын.

Мемлекет басшысы үйден жұмыс істейді. Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының шетелдік әріптестері оны телефонмен құттықтайтынын жоққа шығармады, республика басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп жатқанын да айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856113-kasym-zomart-tokaev-67-zaska-toldy.html