Выйти
RU

Ердоған Қазақстанның коронавирусқа қарсы іс-шараларына қолдау білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның жолдау хаты келіп түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордағасілтеме жасап.

Ердоған Қазақстанның коронавирусқа қарсы іс-шараларына қолдау білдірді

Фото: NurPhoto / Contributor / Getty Images

Құжатта еліміздің жаңа коронавирусқа қарсы қабылдап жатқан кешенді іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді.

«Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы қабылданып жатқан тиімді шаралар мен жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз.

Ең алдымен, індетпен күресте алғы шептегі медицина қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол.

Осы орайда, достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген хатта.

Түркия президенті коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған Қазақстан азаматтарының отбасыларына көңіл айтып, қауіпті ауру жұқтырғандардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.

Сондай-ақ, Режеп Тайип Ердоған ортақ тарих пен бауырластықтан бастау алатын екіжақты стратегиялық әріптестік қазіргі дағдарыстан кейін әрі қарай беки түсетініне сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстары оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, елде аурудың таралу қаупі сейілмегенін айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ердоған Қазақстанның коронавирусқа қарсы іс-шараларына қолдау білдірді