Выйти
RU

Төреғали: Бейсен Құранбек "мүмкіндік бар кезде анамның қасында болайын" дейтін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әнші Төреғали Төреәлі ауыр дерттен көз жұмған Бейсен Құранбек жайлы естелік жазып, қара жамылған тележүргізушінің жақындары мен отбасына және күллі қазақ халқына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Төреғалидың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы және Жетісу

Фото: Төреғалидың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы және Жетісу

Бұл туралы өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен үлкен қалаларда тұрып үлгeремін, ал әзір мүмкіндік бар кезде анамның қасында болайын".

Бұл Бейсен ағаның қызмет, карьера, жарқ-жұрқ жалғанның қызығы таразының бір басына анаға деген құрмет екінші басына шыққанда таңдаған таңдауы.

Мың сөзбен айтып жеткізе алмайтын тәрбие. Бәріміз аяп жатырмыз, жас кеткенін айтып, ауырғанын айтып. Ауыр әрине. Бірақ Алланың сүйген құлына қандай сынақ беріп, қандай жақсылық қалайтынын біз білмейміз ғой.

Бұл кісіден де жас қыршын кеткен Әбдірахманға Абай "жайнаған туың жығылмай, жақсы өліпсің япырмай" демеп пе еді...

Жақсы өлім ол жақсы өмірдің лайықты жемісі, жеңісі. Сабырлы болайық, ешкімге оңай емес. Қаншама адамға пайдасы тиді, ата-анасын қадірледі, жарына адал болды. Құдайдың разы болатын бүкіл амалдарын жарқ еткен жарты ғасырға жетпейтін ғұмырында жасап үлгерді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ақыры Рамазан айының соңғы он күндігінде жан тапсырды. Қазір егіліп сөйлеп, езіліп жылап тұрсам да халықты қайрап, өзімше басу айтып тұрғандағым осы...

Әйтпесе жақсы адам өткен сайын жалғанның арты ашылып қала беретінін ойлап, Бейсекеңнің ел ағасы болып, ақсақал болып төрімізден түспей жүрсе ғой деген арманым ішімді тырнап бара жатыр.

"Жәннат ананың табаның астында" деуші еді ғой, ал біздің жоғарыдағы сөзімізді бекерге айтқан жоқпыз. Алла мейіріміне алып, рахымына бөлесін. Онсыз да жақсы адамдарға зәру жұрт едік, амал қанша!? Бақұл болыңыз, Бейсаға!" , - дейді Төреғали Төрәлі.

Еске сала кетсек, талантты ақын, "Төлеген Айбергенов" атындағы сыйлықтың иегері Ұларбек Дәлейұлы бүгін көз жұмған Бейсен Құранбекке өлең жолдарын арнаған болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төреғали: Бейсен Құранбек "мүмкіндік бар кезде анамның қасында болайын" дейтін
Mailfire view pixel