Выйти
RU

"Жағдайы өте ауыр": Хабиб Нурмагомедов алғаш рет әкесінің хәлі жайлы айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов елдің еңбек сіңірген бапкері, әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайына қатысты пікір білдірді. Спортшының жақыны пневмонияның ауыр формасымен ауруханаға жатқызылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жағдайы өте ауыр": Хабиб Нурмагомедов алғаш рет әкесінің дерті жайлы айтты

Абдулманап және Хабиб Нурмагомедовтер. Фото: Видеодан кадрлар/ instagram.com/khabib_nurmagomedov

Аралас жекпе-жек шебері отандастарына үндеуін Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

"Біздің Дағыстанда жағдай өте нашар", - деп бастады ол өз сөзін.

Спортшының айтуынша, өңір ауруханалары толып кеткен, науқастар саны өте көп. Ол барлық азаматтарды бірігіп, өздерінің ерік-жігері мен тәртібін көрсетуге, ақ халатты абзал жандардың кеңесіне құлақ асуға шақырды.

"Әлем мұндай нәрсеге дайын болмады. Басында адамдар сенбеді. Бірақ бұл кім үшін тиімді болуы мүмкін? Барлық адам ауырып жатыр, сен тазалаушысың ба президентсің бе айырмашылық жоқ", - деген спортшы ауыр жағдай тек Ресейде емес әлемде де қалыптасқанын сөз етті.

Сондай-ақ, Нурмагомедов барлық жұрттан өз-өзін оқшаулау режимін сақтауды, мұсылмандардың қасиетті мейрамына қарамастан, мешітке және бір-бірінің үйіне қонаққа барудан бас тартып, намазды үйде оқуды сұрады.

"Менде таныстарымды айтпағанда, 20-дан аса адам жансақтау бөлімінде жатты. Олар тек жақын туыстарым", - дейді чемпион.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, аралас жекпе-жек шебері желідегі қауесеттерге нүкте қою үшін ауруханада жатқан әкесінің қазіргі халін де баяндады.

"Жағдайы өте ауыр. Үш жыл бұрын оған ота жасалғандықтан, вирус оның жүрегіне ауырлық түсірді. Қайта ота жасалды. Алладан оны өзімізге қайтаруын сұрап отырмыз", - дейді Нурмагомедов.

Сөз соңында спортшы көпшілікке дұға-тілектері үшін алғысын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Хабиб Нұрмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов пневмониямен ауруханаға жатқызылып, комаға түскені белгілі болды. Кейіннен бапкердің есін жиғаны хабарланған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жағдайы өте ауыр": Хабиб Нурмагомедов алғаш рет әкесінің хәлі жайлы айтты (видео)
Mailfire view pixel