Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қандай жағдайда карантин қайта күшейтілуі мүмкін

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада қандай жағдайда карантин режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның сөзінше, өткен аптада қалада коронавирус инфекциясын жұқтырудың өсімі 7 пайызды көрсеткен.

Осы көрсеткіш елордадағы карантин шараларын алып тастаудың алғашқы кезеңін бастауға жол ашқаны белгілі болды.

Ендігі кезекте екінші аптада өсім 5 пайыздан аспауы тиіс.

Қисықова егер аталған көрсеткіштен асып кетсе, карантин шараларын күшейту, тіпті бұрынғы талаптарды қайтару мәселесін қарастыру мүмкін екенін жасырмады.

Карантинді жеңілдетудің басты талаптарының бірі – аурудың тіркелуінің азаюы.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы астаналықтарды тағы бір мәрте қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, ол талаптардың бәрін сақтасақ, ауру өсімі болмайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856469-elordada-kandaj-zagdajda-karantin-kajta-ksejtilui-mmkin/

pixel