Выйти
RU

"Бір мүшем жоқ": Коронавирустан көз жұмған алматылық әйелдің оқиғасы елді шошытты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Cәуле Алипова есімді оқырман әлеуметтік желідегі парақшасында карантин кезінде болған жантүршігерлік оқиғаны баяндады. Ол коронавирус инфекциясынан көз жұмған жүкті әйелдің өлімінде шикілік көп екенін айтқан хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Карантин деп үйден шықпаған соң айналада не болып жатқанын білмейді екенсің... Кеше көрші ауылға барып келдім. Естігенімнен есімді жия алар емеспін...

Былтыр екі жас бір-бірін сүйіп үйленіп, бақытты өмір сүріп бастапты. Келіннің аяғы ауырлағанына бүкіл әулет қуанған. Тек кенеттен болған бақытсыз жағдай бұл әулетті күңірентіп, шарасыз күйге түсіріпті...

Аяғы ауыр келіншек есінен танып құлап қалады (екіқабат келіншектердің құлауы жиі кездесетін жағдай). Әйелді аудан орталығындағы ауруханаға жатқызуға алып барған. Ондағылар келіншектің бізде тіркеуі жоқ, қалада тіркелген екен деп қалаға жібереді.

Қаладағы дәрігерлер ешкімнің рұқсатынсыз келіншекке ота жасап, ішіндегі 5 айлық баланы алып тастайды. Есін жиған келін баласын жоғалтқанын білген соң "истерика" болады.

Оған бір аптадай уақыт ұйықтататын дәрі салып тыныштандырып отырған. Сонша уақыт тамақ ішпеген ағзасы әлсіресе керек, әйелге белгісіз тағы ота жасайды...

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Соңында келіншек сол отадан өзіне келмей жан тәсілім етеді. Дәрігерлер оны COVID-19 жұқтырған деп туғандарына көрсетпей, темір табытқа салып көміп тастайды.

Шырылдап қалған туғандары мен қайғыдан есін жинай алмаған жан жары не істерін білмей дал күй кешуде. Оны COVID-19 деп тапқан соң еш жерге шағымдануға болмайды, яғни, құқы жоқ екен...

Қазір жігіттің үйіндегілердің барлығының түсіне келіншек баласын құшақтаған күйі қайта-қайта келіп-кетіп жүр дейді.

Келін "Менің денем тесік, ішімдегі дүнием түгел емес, менің бір мүшем жоқ" деп ішін көрсете береді екен...

Жақындары "Егер ол COVID-19 жұқтырса, қайдан жұққан. Бізді отбасымызды COVID-19-ға неге тексермейді? Ота жасап алып тастаған бала қайда, оның денесін бізге неге бермейді?" деген сұрақты кімге қоярын білмей, қайғыдан қан жұтып жүргенге ұқсайды...
Бұл өсек емес... Естіген құлақта жазық жоқ... Мен қорқайын дедім. COVID-19-дан емес, ауруханаға барып көрінуден", - деді ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Алипованың жазбасына Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірген.

"Біз қайтыс болған жанның отбасы мен туған-туысының кайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Сіз айтқан жағдай бойынша жүкті әйел Алматы облысы және Алматы қаласындағы клиникаларда стационарлық емдеуге жатқызылған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Жүктілігіне байланысты тоқтаусыз құсып, ауыр метаболикалық асқынулармен және COVID-19 инфекциясының ауыр формасымен ауырған.

Өкінішке қарай, дәрігерлердің 25 күн бойы жүргізген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды. Ол COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған жандарды жерлеу тәртібіне сәйкес жерленді", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 7000-ға жуықтады. COVID-19 тағы 218 адамда расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бір мүшем жоқ": Коронавирустан көз жұмған алматылық әйелдің оқиғасы елді шошытты