RU

Бейсен Құранбек: Әйелімді алты ай жүріп өзіме қараттым, жеті айдан соң үйлендік

Қазақ телевизиясының майталманы Бейсен Құранбектің қазасынан кейін оны есіне алып, жазба арнап жатқан адамдар жетерлік. Белгілі тележүргізушіден үлгі алып, әрдайым оның кеңестеріне жүгінетін журналист Жадыра Нармаханова да оның қазасын ауыр қабылдаған. Ол марқұмның 2013 жылы берген сұхбатымен Facebook парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/beisenkuranbek
Фото: Instagram/beisenkuranbek: Instagram

Бейсен Құранбек осыдан жеті жыл бұрын берген сұхбатында келіншегімен қалай танысып, оның жүрегін қалай жаулағанын айтып берген. Белгілі болғандай, журналист сүйіктісін алты ай бойы өзіне қарата алмаған.

"Мен 27 жасымда үйлендім. Моральдық тұрғыда 22-23 жасымда үйленуге дайын едім. Бірақ маған қыздар «дипломың жоқ» деп қарамады. Сол сөзге намыстанып, «диплом алған күні үйленемін» деп өз-өзіме сөз бердім. Студентпін, «Рахат» телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезімде, алғашқы жұмыс орным «Спорт» газетіне бардым. Сайын (Тұрсынов) ағамыз: «Бейсен, қыз таптың ба?» – деді.

«Диплом алсам, қыз табам да, үйленем», – дедім. «Көп сөйлеме, мен сені бір қызбен таныстырамын. Сол қызға үйленесің», –деді де, мені корректорлар отыратын кабинетке алып келді. Қарапайым бір қыз отыр, менің қиялымдағы ару емес. «Мынау – менің балам. Мен қандаймын, бұл да тура сондай. Саған жақсы күйеу болады. Сөйлесіңдер», – деп Сайын аға есікті жауып кетіп қалды. Екеуміз сілейіп кабинетте қалдық. Сөйлесейік десек, әңгімеміз жараспайды. Бір-бірімізді жақтырмадық.

Ойлана келе, «Сайын аға өмір көрген, маған қандай жар керек екенін біледі, айтқанын істейін» деген шешімге келдім. Қызға барып «үйленейік» десем, көнбей қойды. Күніге жұмысынан шығарып салуға баратын болдым, ол қарамайды. Іштей өз-өзіме «осы қызды қайтсем де аламын» деп серттесіп алдым. Алты ай жүріп өзіме қараттым, жеті айдан соң үйлендік. Бірақ, үйленетін кезде отбасының 10 қағидасын жасадық" , - деген Бейсен Құранбек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857214-bejsen-kranbek-jelimdi-alty-aj-zrip-zime-karattym-zeti-ajdan-so-jlendik.html