RU

Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі 7%-дан асып кетсе қандай шектеулер енгізіледі

Бүгін, 24 мамыр күні Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жағдайына байланысты жаңа қаулы бекітті. Құжатта қалалар мен өңірлерде инфекция жұқтыру өсімі жеті пайыздан асқа жағдайда қандай шектеулер енгізілетіні жазылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Ұаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы , Шымкент және өзге өңірлерде коронавирус жұқтыру өсімі 7%-дан жоғары болса, мынадай шектеулер енгізілмек:

1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салынады;

2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, үйірмелер, секциялар қызметін тоқтатады;

Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындығына арналған спортбазаларға ғана рұқсат беріледі.

3) COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салынады.

Алайда, шетелге медициналық көрсетілімдер үшін шығуға рұқсат беріледі. Бірақ, науқаспен еріп жүретін адамдардың саны екеуден аспау керек. Оған қоса, емделушінің қолында мынадай екі құжат болуы тиіс:

  • диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;

- аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақыру хаты.

4) карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағынан шығуға және оларға кіруге тыйым салынады.

Бұл тыйым халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарға, карантин кезінде стационарларда емдеуде болған тұрғындарға қатысты емес.

5) COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршалады. Оған Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тартады.

6) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектейді.

7) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтатады.

8) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысы тоқтайды.

9) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатылып, шектеледі.

10) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салу енгізіледі.

11) діни объектілердің жұмысын тоқтатады.

12) облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін, жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектетіледі.

13) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

14) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға шетелден келген адамдардың барлығын екі тәулікке дейін стационарға жатқызатынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857218-kazakstanda-koronavirus-zktyru-simi-7-dan-asyp-ketse-kandaj-sekteuler-engiziledi.html