Выйти
RU

Екі полицей көз жұмған блок-бекеттегі жол апатынан кадрлар пайда болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде Алматыда бүгін блок-бекетте болған жол апатының кадрлар пайда болды. Қайғылы жағдайдан екі полицей көз жұмған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі полицей қаза тапты: Блок-бекеттегі жол апатынан кадрлар пайда болды (видео)

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Алматы ПД, видеодан кадрлар

Оқиға орнындағы видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланды. Онда жол-көлік оқиғасына қатысушылардың көліктерін байқауға болады.

Көліктерге қатты зақым келгені де көрініп тұр. Ал блок-бекеттегілер тәртіп сақшыларын көліктен шығаруға тырысып жатыр.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол қамауға алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі полицей көз жұмған блок-бекеттегі жол апатынан кадрлар пайда болды (видео)