Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ағалардың ағасы": Бейсен Құранбектің әріптесі оның қамқорлығы туралы сөз етті

Опубликовано:

Белгілі тележүргізуші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбектің "Жетісу" телеарнасындағы әріптесі Мұрат Жұмабай арыстай азаматтың қамқорлығы туралыс сөз етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Жетісу
Фото: Жетісу: Instagram

Журналист естелігімен Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

"2014-те Талдықорғанға өзіңіз жетектеп әкеліп едіңіз. Әлі есімде, күн сенбі болатын. Жол-жөнекей Әлия Құдайбергенованы туған күнімен құттықтап хабарласқанымызды білем. Келген күні шаңырағыңызда қонақ болдым. Әжемізге сәлем беріп, жеңгеміздің қолынан дәм татқан соң, жұмысқа бардық. Үстеліңіздің үстінде көп қағаздар жатыр екен. "Танысып шық" деп маған бердіңіз. Сөйтсем директор болып тағайындалғалы (1 айдай болған), Сіздің ұсынысыңызбен барлық қызметкерлер проблемаларын қағазға жазып берген екен.

Арыз-өтініштермен мұқият танысып, жалпы жағдайды ұқтым. Сосын мені әлі қолданысқа беріле қоймаған "Журналистер үйіне" апардыңыз. Ерінбей 5-қабатқа дейін көтеріліп, түгел көрсетіп шықтыңыз, жоспарларыңызбен бөлістіңіз. Осы қалада тұрақтасын дедіңіз, білем, кешкі асты ішкен соң кинотеатрға бардық.

10 жыл тұрған Алматыдан көшем деп, таңғы 4-ке дейін жиналып, 8-де Сізбен бірге жолға шыққаным бар, шаршап, ұйқым келіп тұрса да, білдірмедім. Бірақ кино комедиялық жанрда болғандықтан, емен-жарқын күліп, сергіп қалдық. Үйге келісімен Гүлмира жеңгеміздің тәтті айранынан ішіп, ұйықтауға қамдандық. Өздеріңіз бала-шағаңызбен бір бөлмеге жатып, маған үлкен залға төсек салып бердіңіздер. Өзімді ыңғайсыздау сезіндім... Ертесі тағы да қаланың біраз жерлерін араладық, моншаға бардық. Қазір ойлаймын, мен осыншалық құрметке лайық па едім? - деп. Сөйтсем Сіз осылай жан-жағыңызға жақсылық нұрын себелеп жүретін жақсы адам екенсіз ғой...

Бұл қасиетіңізді кейін де талай байқадым, аға. Сол үшін де үлгі етемін. Сізден үйренгенім аз емес, ал Сіз әкеп қосқан "теңізден" 6 жылда өмірлік азық болар тәжірибе жинадым.

Өзім мен өзгенің қателіктерінен сабақ алдым. Жақсыдан үйрендім, жаманнан жирендім. Дәу жігіт болуға бір табан жақындадым. Сол үшін де Сізге алғысым шексіз, аға! Сіздің "дәу жігіт бол" дегеніңіз, бастық бол, бай бол емес, елің сыйлайтын, еліңе пайдаң тиетін азамат бол деген сөз екенін әу баста-ақ түсінгенмін, аға! Сол жолда тер төге берем. Бастысы Құдай қуат берсін! Жаныңыз жәннәтта болсын, ағалардың ағасы - Бейсен аға!" - деді Мұрат Жұмабай.

Еске сала кетсек, талантты ақын, "Төлеген Айбергенов" атындағы сыйлықтың иегері Ұларбек Дәлейұлы бүгін көз жұмған Бейсен Құранбекке өлең жолдарын арнаған болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857355-agalardy-agasy-bejsen-kranbekti-riptesi-ony-kamkorlygy-turaly-sz-etti/

pixel