Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент бейбіт жиналыстар өткізу туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген құжатта.

Бұған дейін мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстандағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін заң жобасына сенат енгізген өзгертулер мен толықтырулармен келіскен болатын.

Сенат депутаты бұдан бұрын мәлім еткендей, заң жобасына елдің ірі қалаларында жиналыс өткізу үшін кемінде үш орынды белгілеу керек деген норма енгізілген.

Сонымен қатар, митингі ұйымдастырушыларына қатысушыларды бет-жүзін тануға кедергі болатын киім мен басқа да құралдар әкелуді талап ететін норманы алып тастау ұсынылды. Сондай-ақ, олардың денсаулығын қорғау үшін бетперде қолдануға құқық берілді.

Егер бейбіт жиналыстар тіршілікті қаматамасыз ету, көлік қызметі, сонымен қатар митингілерге қатыспайтындардың еркін жүруіне кедергі келтіретін болса, митингілерді өткізуден бас тарту үшін негізді алып тастау ұсынылады.

Сондай-ақ енді бейбіт митинг өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсатын алу керек емес – жиналыстың өтетіні жөнінде сәйкес органдарға хабар беру жеткілікті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857375-prezident-bejbit-zinalystar-tkizu-turaly-zaga-kol-kojdy/

pixel